Әулиеағаш – табиғат ескерткіші.

Әулиеағаш – табиғат ескерткіші. Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Әулиеағаш ауылындағы жуандығы алты-жеті адамның құшағы әзер жететін алып ағаштың жасы шамамен 600-700 жыл деп есептеледі. Бұл ағаштың қасиеттілігі – жеті ғасырдан бір бағыт бойынша тарап өсуде. Бұл ағашты ешкім арнайы өсірген жоқ. Осы жердің қасиеттілігін біліп, қорғауға алу 1999 жылдан бастап жүзеге асырыла бастады. Осы ағаш түбіндегі бұлақ суы түрлі ауруларға ем болып саналады, әсіресе тері ауруларына таптырмас шипа.

Әулиетас – халық қасиеті бар деп таныған үңгір. Лепсі кентінен 20 км қашықтықта, Балқаш көлінің жағасында орналасқан. Аумағы – 75 м2. Үңгірдің кіреберістегі бөлмесінен кейін, тағы да кішірек екі бөлмесі бар. Екінші бөлмеге еңбектеп кіруге болады. Оның төбесіндегі 5-6 м қалың тастан еденіне сәуле түседі, тамшы тамады. Әулиетасты жергілікті тұрғындар қасиетті, киелі орын деп санайды.