КАРЕВ ҮЙІ Ғимарат Карев көшесі, 47 үйде орналасқан, 1900 жылы бірінші гильдиялық көпес А.Т.Карев салдырған. Тарихи деректерге қарағанда қожасы осы үйдің құрылысын тексеріп жүргенде баспалдақтан құлап кетіп мерт болған. Құрылысты оның әйелі Д.Ф. Карева аяқтаған.Бұл – қаладағы ең әдемі және ескі ғимараттардың бірі. Сол кезде казактар бұл зәулім үйді «Нар үй» немесе «Дом -верблюд»деп атаған. Карев үйі үш қабатты, оның қаскелбеті жарты колоннамен, жақтаулармен, сәулет белдеулерімен, ал оның шатырмен жабылған төбесі ойылған ағаш терезелерімен безендірілген. Үйдің ең әдемі архитектуралық бөлшектері – балкондары: ортадағы үлкені және жанындағы екі шағыны. Шатырмен жабылған, әшекейленген төбенің үстінде, франтонда салынған жылы көрсетілген – «1900». Бірінші қабатта А.Т.Карев, А.А.Шмидт, Р.Ф.Функ және т.б. көпестердің дүкендері болған. Екінші қабатта офицерлер мәжілісі өтетін орын, кейіннен коммерциялық клуб орналасқан. Үшінші қабатта - "нөмірлер", ол туралы ғимараттың солтүстік жағындағы үлкен жазулар дәлелдейді. 1907 жылдың көктемінде Карев үйінде дүкендер витриналарын жарқыратып, алғашқы рет электр лампасы пайдаланылған. 1908-1909 жылдары екінші қабаттағы залда «Электробиоскоп Пате» және «Парижский кинематограф» жұмыс істей бастаған. Кино картиналар рояль мен скрипканың сүйемелдеуімен көрсетілген. Кейін, Кеңес өкіметі уақыты кезінде, Оралды қорғау барысында 1919 жылы бұл ғимаратта ерікті жұмысшылар дружиналары құрылған. Осы жерде Орал қорғаушыларына арналған В.И.Лениннің барлығына белгілі телеграммасы оқылды, телеграммада ол оларды батыр, ал қаланы ақ гвардияшылардан қорғауды – ерлік деп атаған. 1919 жылы 14 желтоқсанда Карев үйінде салтанатты түрдеК.Маркс атындағы Еңбек сарайы ашылды. 1923 жылдың қараша айында бұл жерде қазақ кеңес әдебиетінің негізін салушы, ҚазССР ЦИК төрағасы С.Сейфуллин тұрған. Ұлы Отан Соғысы кезінде бұл ғимаратта госпиталь орналасқан. Қазіргі уақытта Карев үйінде Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясы және Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап кітапханасы орналасқан.