Басқамыр ортағасырлық қалашығы

Басқамыр қалашығы Қазақстанның тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген. Сонымен қатар осынау тарихи сәулет ескерткіші қайта жөндеуден өтуі керек нысан болып табылады. Басқамырды көп жағдайда оғыздардың хандақ тайпасының Хиам қаласына ұқсатып жатады. Ежелгі шаһардың қалдықтары шеңбер қалпында сақталған. Оның ортасына трапеция түріндегі цитадель қайта қалпына келтіріліп, тұрғызылған. Цитадель аумағында жүргізілген археологиялық қазбалар нәтижесінде 7 бөлме, ошақтар мен пештер табылған. Бұрыштардың бірінде екі метрден сәл-пәл биік мұнара, ішкі солтүстік бұрышта суға арналған шұңқыр болғаны анықталды. Таза су қамалға арық арқылы жеткізілген. Қалашықтың сыртқы сипатына назар салса, дуал деңгейінде сақталып қалған 2 қорғаныс шебін анық байқауға болады. Сыртқы дуалдың кеңдігі орта есеппен 6 метр, биіктігі 1,5 метр. Қалашық аумағында бұта өскен ойпат қалыптасқан. Ғалымдардың пайымдауынша, дәл осы ойпат орнында қала-бекіністі сумен қамтамасыз еткен су айдыны болған.

Басқамыр ортағасырлық қалашығы

Басқамыр қалашығы Қазақстанның тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген. Сонымен қатар осынау тарихи сәулет ескерткіші қайта жөндеуден өтуі керек нысан болып табылады. Басқамырды көп жағдайда оғыздардың хандақ тайпасының Хиам қаласына ұқсатып жатады.
Ежелгі шаһардың қалдықтары шеңбер қалпында сақталған. Оның ортасына трапеция түріндегі цитадель қайта қалпына келтіріліп, тұрғызылған. Цитадель аумағында жүргізілген археологиялық қазбалар нәтижесінде 7 бөлме, ошақтар мен пештер табылған. Бұрыштардың бірінде екі метрден сәл-пәл биік мұнара, ішкі солтүстік бұрышта суға арналған шұңқыр болғаны анықталды. Таза су қамалға арық арқылы жеткізілген.
Қалашықтың сыртқы сипатына назар салса, дуал деңгейінде сақталып қалған 2 қорғаныс шебін анық байқауға болады. Сыртқы дуалдың кеңдігі орта есеппен 6 метр, биіктігі 1,5 метр.
Қалашық аумағында бұта өскен ойпат қалыптасқан. Ғалымдардың пайымдауынша, дәл осы ойпат орнында қала-бекіністі сумен қамтамасыз еткен су айдыны болған.
Қалашық бекінісінен бөлек Басқамырдың маңында қорым, күзет мұнарасы, үңгір-шахта сияқты бірегей нысандар бар.
Басқамыр қорымы бекіністен оңтүстікке қарай, күзет мұнарасының қирандылары қалашықтан бір шақырым жерде, Керегетас төбесінде орналасқан. Тас пен балшықтан қаланған мұнараның бүгінгі жұрнағының биіктігі 3 метрдң құрайды.
Қамал соңғы рет 1994 жылы қайта жөндеуден өтіп, қалпына келтірілген. Бізге жеткен Басқамырдың келбеді сол кездерден еш өзгермеген.

Галерея