Сыпатай батыр мазары – Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген XІX-XX ғасырлардағы сәулет өнері ескерткіші.
Орналасқан жері
Меркі ауданы, Сыпатай батыр ауылының оңтүстік-шығыс жақ шетінде, Алматы-Тараз-Бішкек автомагистралінің бойында орналасқан.
Сипаты
Ескерткіш 1991 жылы Сыпатай батырдың (1781-1868) 210 жасқа толуының құрметіне орнатылды.
Сыпатай батыр қазақ және қырғыз халықтарының арасында кеңінен тараған, халықтың 1840-60 жылдардағы саяси өмірінде өзіндік із қалдырған адам.
Мазар бұрыннан тұрған мазардың үстіне орнатылған. Сәулетшілері С. Литвиенко, В. Ким, конструкторы П.М. Убиткин.
XІX ғасырда батырдың зиратының басына ықшам күмбездері бар мазар орнатты. 9,0х9,5 м күйдірілген кірпіштен, іші балшық сылақпен сыланып, бояумен әшекейленген. Күмбез көгілдір түсті жылтыраған тақталармен жапсырылған: портал терең емес шошақ қуыстар енсіз бұрыштама мұналармен екі жақтан қусырылған. 1980 жылдары құрылыстың тек қалдықтары ғана қалған еді. Қалыңдағы 0,9 м қабырғаның 1,5 м биіктігі ғана, кірер жері – 6,0 дейін сақталған. Қағазға тұсірілген мазардың жобасы ескерткіштің – бір бөлмелі үстіңгі күмбезді орталықтандырылған көлемнің композициясын қалпына келтіруге септігін тигізді.
Қазіргі тұрған ескерткіш: бұрынғы квадратты өлшемі сақталған (9,0х9,5 м) куб секілді, құрылыс күйдірілген кірпіштен цемент-құм қоспасымен қаланған. Қасбетін тегіс қалау үшін құмды-известі қоспамен тігісті сөге отырып, кей жерлерде ескі кірпіштер пайдаланылған.
Биік пештак – портал негізі көлемнен алға шығып тұр. Дуылға іспеттес күмбез биік цилиндр тәрізді барабанда (0,9 м) "салпыншақ" кірпіш қатарымен өрілген. Порталдың алдыңғы әшекейлері күмбезі мұнаралармен аяқталатын биік бұрыштық бағандарды жасайды, тектес жиектеулер күмбез тәрізді қуыстарға кіретін жер. Бүйір қабырғалары шошақ қуыстарға бөлінген. Бет жақтағы өрме кірпіш майлы органикалық лакпен лакталған. Порталда және бүйір қабырғаларда ескі кірпіштің шекаралары анық көрініп тұр.
Мұнараның үлкен және кішкентай күмбездері кейінірек мырышпен қапталды. Кірер қуыстың жиегінде көгілдір фонда араб әріптерімен бедерленіп батыр аты-жөні жазылған. Күмбез мұнараларының ішкі көрініс барабанның сегіздігіне бұрыштама желкен арқылы тіреліп тұр. Әшекейі қарапйым, қабырғаларындағы терең емес шошақ қуыстар сыланып, әктелген. Едені квадратты күйдірілген кірпіштен тізілген.[1]