Ақмешіт әулие — ескі қамалдың орны, қасиетті жер.[1] Ұлытау облысы Ұлытау тауының биік шоқысында орналасқан. 1946 жылы академик Ә.Х.Марғұлан зерттеген. Тік төртбұрышты жобамен салынған, көлемі 42х42 м. Іргесінің қалыңдығы 30-40 см, граниттен қаланған. Жанында тас обалар бар. Алғашқы кезде табынатын орын болған. Кейінірек төңірегіне атақты адамдарды жерлей бастаған. Зерттеулер Ақмешіт әулие көшпелі халық мекенінің орны екенін дәлелдеді.[2][3]