Ұлытаудағы Ақмешіт әулие биігі– Сарыарқа төсінде орналасқан аласа таулардың бір бөлігі. Ол солтүстіктен оңтүстікке қарай 200 шақырымға созылып жатыр. Оның ең биік нүктесі – Ақмешіт шыңы (1131 м). Осы Ақмешіт әулие биігі еліміздегі ерекше қорғалатын табиғи мұра ескерткіштер тізіміне кіреді. Тағы бір қызық жайт, қазіргі Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында Ақмешіт аталатын үңгір бар. Бұл қос атаудың арасында қандай байланыс бары белгісіз. Атақты филологтардың бірі Ш.Сәтбаева Ұлытаудағы Ақмешітте Асан қайғының денесі жатқандығын айтады. Бірақ, кей ғалымдар Ақмешітті Асан қайғының өзі десе, тағы бір ақпараттарда досы екендігі айтылады. Сол сияқты осындағы Алтын Шоқыға Ақсақ Темірдің өзі құлпытас салған дейді. Оны ХХ ғасырдың 30-жылдарында Қаныш Сәтпаев тапқан екен. Тарихи жәдігердің Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайында көшірмесі қалса, Санкт-Петербор қаласындағы Эрмитажға түпнұсқасы тапсырылған. Ұлытаудағы тағы бір биік Едігеде Алтын Орданы билеген Едіге мен Тоқтамыстың денелері жатыр.