Теректі әулие

Теректі әулие Жезқазған қаласынан 85 шақырым жерде, Теректі станциясынан солтүстік-шығысқа қарай 20 км жерде орын тепкен. Бұл жерден ежелгі адамдардың өмірінен хабардар ететін көптеген құнды тарихи жәдігерлер табылған.

Теректі әулие

Теректі әулие Жезқазған қаласынан 85 шақырым жерде, Теректі станциясынан солтүстік-шығысқа қарай 20 км жерде орын тепкен. Бұл жерден ежелгі адамдардың өмірінен хабардар ететін көптеген құнды тарихи жәдігерлер табылған. Ал ХХ ғасырдың соңына қарай, Батыс Қазақстан археологиялық экспедиясы келіп, бірқатар зерттеу жұмыстарын жүргізген еді. Теректі әулиеде тек қана тасқа қашалған жазулар мен суреттер ғана емес, неолиттік тұрақтар, қола дәуірінің қоныстарының ізі, некропольдар да табылды. Суреттердің тас пен метальдардан жасалған арнайы құрылғылармен қашалып салынғаны мәлім болды.