Жастарға арналған этносабақ

90 минут (дәріс + практикалық тапсырмалар) 142 қаралым

Этносабақ — жастарға ұлттық мәдениет, салт-дәстүр, өнер және этникалық мұраны танытатын білім беру модулі.

Бұл модуль этноволонтерліктің мәнін түсіндіреді, ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрдің жастар арасындағы маңызын көрсетеді. Қатысушылар этноволонтер болудың жолдарын, этно-мәдени іс-шараларды ұйымдастыру тәсілдерін, ұлттық өнер, тағам, ойын және қолөнер бағыттарын меңгереді. Сонымен бірге этноволонтерлердің дағдылары мен қоғамға пайдасы жан-жақты ашылады.