АЙҒАЙҚҰМ

АЙҒАЙҚҰМ – табиғат ескерткіші. Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы, Басши ауылының аумағында, Үлкен және Кіші Қалқан тау сілемдерінің алты жерінде кездеседі әрі ТМД елдері аумағында ең үлкені болып табылады. Өте майда желдің өтінде қолдың қырындай болып шығыстан батысқа қарай созылып жатыр. Құмды төбенің биіктігі – 150 м, ұзындығы – 8 км, ені – 3 км. Айғайқұм кез келген уақытта ән сала бермейді. Шілденің шіліңгір ыстығында үнсіз жатқан Айғайқұмға жеткен жел лезде үдеп, Айғайқұмның екі шетіндегі Үлкен және Кіші қалқандарға соғылып, еркелеп өтетіндей көрінеді.

АЙҒАЙҚҰМ

АЙҒАЙҚҰМ – табиғат ескерткіші. Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы, Басши ауылының аумағында, Үлкен және Кіші Қалқан тау сілемдерінің алты жерінде кездеседі әрі ТМД елдері аумағында ең үлкені болып табылады. Өте майда желдің өтінде қолдың қырындай болып шығыстан батысқа қарай созылып жатыр. Құмды төбенің биіктігі – 150 м, ұзындығы – 8 км, ені – 3 км. Айғайқұм кез келген уақытта ән сала бермейді. Шілденің шіліңгір ыстығында үнсіз жатқан Айғайқұмға жеткен жел лезде үдеп, Айғайқұмның екі шетіндегі Үлкен және Кіші қалқандарға соғылып, еркелеп өтетіндей көрінеді. Жетісу құмды тауының ерекшелігі – құрғақ күндері реактивті ұшақ үніне ұқсас әндете алуында және қалпын өзгертпей,басқа орынға көшпей, бір жерде ұстап тұруында. Құрғақ күндері әуенді дыбыс шығып, оның әуені бірнеше шақырымға жайылып, алыстан да естіліп тұрады. Кейбір пікірлерге сүйенсек, құмның ұсақ бөлшектері бір-біріне үйкелген кезде осындай әуенді дыбыс шығады екен: жеңіл самал жел шиқылдаған дыбыстар шығарса, қатты жел орган дыбысына ұқсас әуен шығады. Алайда желсіз күнде де құмның әуенін тыңдауға болады.