Бозоқ қалашығы

Бозоқ қалашығы — Астананың көне өзегі.Бозоқ қаласы Есіл өзенінің сол жағалауындағы Бұзықты кө­лі­нің шығыс жағында, Есіл өзенінен өтетін дәстүрлі өткел – Қараөткелден оңтүстік-шығыс бағытқа қарай 5 шақырым қа­шықтықта орналасқан. Қазіргі кезде бұл археоло­гиялық нысан­ның аумағы Астана қала­сы­ның шеңберінде қалған. Бұл археологиялық ескерткіш үш бөліктен – орталық және шет жағындағы екі бөліктен тұрады

Бозоқ қалашығы

Бозоқ қалашығы — Астананың көне өзегі.Бозоқ қаласы Есіл өзенінің сол жағалауындағы Бұзықты кө­лі­нің шығыс жағында, Есіл өзенінен өтетін дәстүрлі өткел – Қараөткелден оңтүстік-шығыс бағытқа қарай 5 шақырым қа­шықтықта орналасқан. Қазіргі кезде бұл археоло­гиялық нысан­ның аумағы Астана қала­сы­ның шеңберінде қалған. Бұл археологиялық ескерткіш үш бөліктен – орталық және шет жағындағы екі бөліктен тұрады. Олардың әрқайсысы орлармен, бөгеттермен қоршалған. Осы орталықтан 70 метр солтүстікке қарай жер үй кейпіндегі тұрақ­тар, құдықтар және өзеннен тар­тылған егін суаратын арықтар орналасқан. Орталықтан 40 метр оңтүстікке қарай қыш кір­піш­тен құйылған мазарлар мен кесенелердің қалдықтары сақталған.