Шоқан Уәлиханов ескерткіші

Шоқан Уәлиханов ескерткіші – Ақмола облысындағы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің қатарындағы монументтік өнер құрылысы түріне жататын ескерткіштердің бірі. Орнатылған кезеңі, авторлары 1971 жылдың 20 тамызында Көкшетау қаласында ашылды. Мүсіншісі – Т.С. Досмағамбетов, сәулетшісі – К.А. Әбдіков.

Шоқан Уәлиханов ескерткіші

Шоқан Уәлиханов ескерткіші – Ақмола облысындағы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің қатарындағы монументтік өнер құрылысы түріне жататын ескерткіштердің бірі.
Орнатылған кезеңі, авторлары
1971 жылдың 20 тамызында Көкшетау қаласында ашылды. Мүсіншісі – Т.С. Досмағамбетов, сәулетшісі – К.А. Әбдіков.
Сипаты
Шоқан Уәлиханов ескерткіші қоладан құйылған, биіктігі 5 м, тұғырының биіктігі 4,6 м. Ескерткіште Кадет корпусының әскери киімімен, қолына қолжазба ұстап тұрған сәті бейнеленген. Ескерткіш тұғырының жоғары белдеуінде "Ш.Уәлиханов" деген жазу бар.[1]
Биіктігі 4,6 метр бетон тұғырдың беті қара гранит тақтайшалармен жабылған. Екі шеткі беттері тік оюланған сызықтармен әшекеленген. Атақты қазақстандық мүсіншінің шығармашылық карьерасы осы ескерткіштен басталған.
2017 жылы ескерткіш аймағы қайта жөндеуден өтті.