Халиолла Бекметов үйі

Халиолла Бекметов үйі - Қарқаралы қандағы тарих және мәдениет ескерткіші. 19 ғ-да ауқатты саудагер Халиолла Хамитұлы Бекметов (1833- 1903) салдырған.

Халиолла Бекметов үйі

Халиолла Бекметов үйі - Қарқаралы қандағы тарих және мәдениет ескерткіші. 19 ғ-да ауқатты саудагер Халиолла Хамитұлы Бекметов (1833- 1903) салдырған.

X. Бекметов түрмелерге қамқорлықтың Қарқаралы белшесінің, Қоянды жәрмеңкелік комитетінің мүшесі болған.

Бекметовтар әулеті өз заманында Қазақстанның қоғамдық және экономик. өміріне белсене араласқан, ұлттық салт-дәстүрлерді жете меңгерген. Халиолланың інісі Мұхаммед (Мақсұт) Бекметов Қазақстандағы әлеуметтік теңдік жолындағы қозғалысқа белсене араласқан. Халиолла Бекметов аға сұлтан Құнанбай Өскенбай ұлымен дос болып, жиі араласып тұрған. Әділ де адалдығымен танылған Халиолланы Қарқаралы халқы бітімші би етіп сайлаған. Қалада мешіт, медресе үйлерін салдырып, осы аймақта кен көздерін ашуға көп еңбек сіңірген. Құнанбай Қарқаралыдағы мешітті салдырарда оның жобасы мен тұрғызылатын орнына байланысты Бекматовпен ақылдасып отырған.

Халиолла қаладағы Құнанбай мешіті ғана емес, 1910 ж. С.Петербургте салынып, іске қосылған мұсылмандар мешітіне де қаржылай көп көмек көрсеткен. Халиолланың кейін «Көк үй» аталып кеткен, ешқандай шеге қағылмай, бірыңғай бөренеден қиюластырған үйіне Абай бала кезінен барып тұрған.

Абай Бекметов кітапханасын да пайдаланған. Жас ақынның мұнда келген әр сапары ойын-сауықпен өткен. 1977 ж. қазір балалар бақшасы ретінде пайдаланылатын X. ү-нің қабырғасына мемориалдық тақта орнатылды