ГауҺар ана кесенесі

ГауҺар ана кесенесі – Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші. Орналасқан жері Кесене Түркістан қаласынан оңтүстікке қарай 4 км жерде, Түркістан-Шәуілдір автокөлік жолынан солға қарай 400-500 м қашықтықта орналасқан. Теңіз деңгейінен биіктігі 174 м. Тарихи деректер ГауҺар ана кесенесі – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңайындағы қасиетті орындардың бірі. Кеңінен тараған аңыздарға қарағанда, кесене мен бейіт тұрған жер осында жерленген Қожа Ахмет Ясауидің қызының есімімен тығыз байланысты. ГауҺар ананың қашан қайтыс болғаны жөнінде мәлімет жоқ. Дегенмен Ахмет Ясауидің 1101-1103 жылдары туылғанын, жиырма жасында үйленгенін есептей отырып, Гаухар ана шамамен 1122-1124 жылдары туылған деген болжам жасалған. 1989 жылдан «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайы қарамағына енгізіліп, қорғауға алынып, 2011 жылдың мамыр айында қазба жұмыстарын жүргізіп бірқатар мәліметтер жинақталды.

ГауҺар ана кесенесі

ГауҺар ана кесенесі – Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші.
Орналасқан жері
Кесене Түркістан қаласынан оңтүстікке қарай 4 км жерде, Түркістан-Шәуілдір автокөлік жолынан солға қарай 400-500 м қашықтықта орналасқан. Теңіз деңгейінен биіктігі 174 м.
Тарихи деректер
ГауҺар ана кесенесі – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңайындағы қасиетті орындардың бірі. Кеңінен тараған аңыздарға қарағанда, кесене мен бейіт тұрған жер осында жерленген Қожа Ахмет Ясауидің қызының есімімен тығыз байланысты.
ГауҺар ананың қашан қайтыс болғаны жөнінде мәлімет жоқ. Дегенмен Ахмет Ясауидің 1101-1103 жылдары туылғанын, жиырма жасында үйленгенін есептей отырып, Гаухар ана шамамен 1122-1124 жылдары туылған деген болжам жасалған.
1989 жылдан «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайы қарамағына енгізіліп, қорғауға алынып, 2011 жылдың мамыр айында қазба жұмыстарын жүргізіп бірқатар мәліметтер жинақталды.
Көп жылдар мұражайдың бас қор сақтаушысы, кейіннен директор қызметін атқарған ақсақал О.Дастановтың айтуынша және халық аңыздарына сүйенсек Гауhар ана емшілік қасиеті ерекше жан болған. Басында күйген кірпіштен қаланған, архитектуралық жобасы қазіргі Рабия Сұлтан Бегім кесенесіне ұқсас, бірақ көлемі кішігірім кесенесі болған. ХХғ. 40-шы жылдары кесене құлаған.[1]
Кесене сипаты
Кесене ғимараты 2015 жылы күйдірілген кірпіштен көтеріліп, жоспары және сыртқы келбеті бойынша орта ғасыр стилінде салынған. Оның биіктігі – 9 м, жоспары бойынша 6х6 м порталды төртбұрышты кесене. Кесене ішіне түрлі жапқыштармен жабылған сағана-құлпытас орнатылған. Дегенмен, жергілікті ақсақалдардың мәліметтері бойынша бұл жерде бейіттің үстінде алғашында дәл Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі келбетінде, бірақ одан кішілеу болып келген ежелгі көкшіл күмбезді кесене болған екен.[2]