Мазар Кеңгірбай-би (Би-Ата)

Кеңгірбай би мазары – Абай облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші. Абай ауданының орталығы Қарауыл ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 33 км жерде, Жидебай қорығында, Шидің бойындағы биік төбе басында орналасқан. Тобықтының атақты биі әрі елбасы Кеңгірбай Жандосұлының өсиеті бойынша 1825 жылы Ши бойындағы өзі көрсеткен төбе басына Кеңгірбай би жерленген.

Мазар Кеңгірбай-би (Би-Ата)

Кеңгірбай би мазары – Абай облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші.
Абай ауданының орталығы Қарауыл ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 33 км жерде, Жидебай қорығында, Шидің бойындағы биік төбе басында орналасқан.
Тобықтының атақты биі әрі елбасы Кеңгірбай Жандосұлының өсиеті бойынша 1825 жылы Ши бойындағы өзі көрсеткен төбе басына Кеңгірбай би жерленген. Жидебайдан 5-6 шақырым қашықтықтағы Кеңгірбай бейіті басында Абай Құнанбайұлы сан рет болып, әруақты бидің өнегелі өмір жолына салиқалы баға беріп, Байкөкше ақынға «Кеңгірбай би» дастанын жазуға кеңес берген.