Мекен жайы: Семей қаласы Абай көшесі
1718 жылы 1 Петрдің жарлығымен Семейден 18 шақырым жерде Семипалатный қамалының негізі қаланған. Ертіс суының тұрақты түрде тасуының салдарынан 60 жылдың ішінде қамалдың орны үш рет ауыстырылған. 1776 жылы қамал қайтадан биіктеу жерге салынған, сол арада қазір де өзеннің оң жақ биіктеу жағасында орналасты, үстіңгі жағы биік ағаш дуалмен қоршалды, дуалдың асты топырақпен көтерілді. Қамалдың зеңбірек орналасқан екі бастионы және үш қақпасы болды. Ямышев қақпасы Омбы жақ бетте, Семипалатинский қақпасы Ертістің тік жағасына қарай шықты, ал УстьКаменогорский қақпасы – шығыс жағында болды.
Біздің заманымызға дейін осы үш қақпаның біреуі – батыс қақпасы ғана жетті. Теміржолға дейін баратын жолдың құрылысын жүргізуге кедергі жасап тұрғандықтан, 1970 жылы қараша айында аталмыш қақпаны Ертіске қарай 50 метрге жылжыту шешілген. 1973 жылы қақпаның орны ауыстырылған, тағанының негізіне тақталар салынған. Қамал қақпасы мен қамал қабырғалары инженер-капитан
Г.И. Андреевтің басшылығымен және соның жобасымен салынған.
19 ғасырдың сәулет ескерткіші мемлекеттің қорғауына алынып, оған рсепубликалық ескерткіш санаты берілген. Қақпаның үлкен аркалары бар, төбесі шатырлы, карнизінің түрі қарапйым сурет секілді. Аркасының қабырғалары жоғары қарай иіліп барып, бір шағын тоннельге айналады.
Батыс қамал қақпасының түрі толық жаңғырудан өткен. Темір қақпалары құлыппен бекітіледі. Бұрынғы кездегі секілді қамал қақпаларының жанына лафетке зеңбіректер орнатылған.