ТЕКТҰРМАС КЕСЕНЕСІ ( ХІV ғ.)

Тектұрмас кесенесі ХІV ғасырда Талас өзенінің оң жағалауында салынған. Бұл қаладағы өте көне діни орындардың бірі. Осы төбенің басында зорастризм, христиандық, мұсылмандық рәсімдегі зираттар орналасқан. Төбенің етек жағында ежелгі жерасты жолы және Талас өзені арқылы өтетін тас көпір болған. ХХ ғасырдың 30 жылдарындағы атеистердің дінге қарсы саясаты кезінде жартылай қираған. ХІХ ғ. 80 жылдары түсірілген кесене формасының қарапайым фотосуреті ғана сақталып қалған.

ТЕКТҰРМАС КЕСЕНЕСІ ( ХІV ғ.)

Тектұрмас кесенесі ХІV ғасырда Талас өзенінің оң жағалауында салынған. Бұл қаладағы өте көне діни орындардың бірі. Осы төбенің басында зорастризм, христиандық, мұсылмандық рәсімдегі зираттар орналасқан. Төбенің етек жағында ежелгі жерасты жолы және Талас өзені арқылы өтетін тас көпір болған.
ХХ ғасырдың 30 жылдарындағы атеистердің дінге қарсы саясаты кезінде жартылай қираған. ХІХ ғ. 80 жылдары түсірілген кесене формасының қарапайым фотосуреті ғана сақталып қалған. Аталған кесененің орнына 2001 жылы археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп, 2002 жылы ортағасырлық үлгіде кесененің алғашқы орнында жаңадан кесене тұрғызылды. Тектұрмастың тарихи аты — Сұлтан-Махмудхан. Ал Тектұрмас сөзінің өзі түркіше «тынымсыз орын» дегенді білдіреді.