Ақтамберді жырау мазары

Ақтамберді жырау мазары – Абай облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген XVIII ғасырдың сәулет ескерткіші. Орналасқан жеріАбай ауданы, Жүрекадыр ауылының оңтүстік батыс шетінде орналасқан. Мазар сипаты Мазар белгілі батыр, жырау Ақтамберді Сарыұлына арнап тұрғызылған. Алғашқы жобада 7,7 м х 6,3 м тікбұрышты көлемде кесек тасты балшықпен бекітіп салынған.[1] Жыраудың мазарының ескі күмбезін 1960 жылдары жазушы М. Мағауин зерттеген. 1988 жылы Құндызды совхозының директорының бастамасымен Ақтамбердінің туған-туысқандарынан, ауыл тұрғындарынан қаржы жиналып, архитектор М. Қонысбаевтың жобасымен бұрынғы қам-кесектен салынған, бір босағасы ғана қалған көне мазардың орынан төрт құлықты сағана салынады.

Ақтамберді жырау мазары

Ақтамберді жырау мазары – Абай облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген XVIII ғасырдың сәулет ескерткіші.
Орналасқан жеріАбай ауданы, Жүрекадыр ауылының оңтүстік батыс шетінде орналасқан.
Мазар сипаты
Мазар белгілі батыр, жырау Ақтамберді Сарыұлына арнап тұрғызылған.
Алғашқы жобада 7,7 м х 6,3 м тікбұрышты көлемде кесек тасты балшықпен бекітіп салынған.[1]
Жыраудың мазарының ескі күмбезін 1960 жылдары жазушы М. Мағауин зерттеген. 1988 жылы Құндызды совхозының директорының бастамасымен Ақтамбердінің туған-туысқандарынан, ауыл тұрғындарынан қаржы жиналып, архитектор М. Қонысбаевтың жобасымен бұрынғы қам-кесектен салынған, бір босағасы ғана қалған көне мазардың орынан төрт құлықты сағана салынады.
Ескі зиратқа тиіспей, Құндызды ауылының қызыл гранит тасынан сағананың төрт қабырғасы қаланады, қабырғаларының биіктігі – 3,5 м.
Мазардың алдынан қарағанда домбыраны, ал екі жағынан қарағанда құстың қауырсынын көзге елестетеді.
1989 жылы сағананың ашылуына байланысты туыстары ел-жұртқа арнайы ас береді.[2]