Әбілқайыр хан ескерткіші – Ақтөбе облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген монументтік өнер ескерткіші.
Орналасқан жері
Ақтөбе қаласында 2000 жылы Әбілқайыр ханның құрметіне орнатылған ескерткіш. Ескерткіш Әбілқайыр хан даңғылында облыс әкімшілігінің үйі алдында орналасқан. Авторы Ескен Аманжолұлы Сіргебаев – ҚР еңбек сіңірген қайраткері. Сәулетшілері – Б. Егінбаев, Н. Қожағұлов.
Сипаты
Тұғырдың биіктігі - 2,8 м, ені - 2,1 м, ұзындығы - 5,8 м.
Ескерткіштің жалпы биіктігі - 6,5 м, тұғырға дейін жерден биіктігі - 3 м, жерден жалпы биіктігі - 12,3 м.
Тұғырдың материалы - Қордай граниті. Ескерткіш қоладан құйылған, салмағы - 11,2 тонна.[