Біржан сал ескерткіші

Біржан сал ескерткіші — Степняк қаласының шетіндегі ақын Біржан салдың зиратына қойылған ескерткіш. Мемлекеттік маңызы бар тарихи ескерткіштер тізіміне кіреді. XIX ғасыдың соңы, 1950 жылы қайта қалпына келтірілген, мүсінші Т.С. Досмағамбетов. Ескерткіш кешен монументтен, бюсттен және мемориалдық қабырғадан тұрады.

Біржан сал ескерткіші

Біржан сал ескерткіші — Степняк қаласының шетіндегі ақын Біржан салдың зиратына қойылған ескерткіш. Мемлекеттік маңызы бар тарихи ескерткіштер тізіміне кіреді.
XIX ғасыдың соңы, 1950 жылы қайта қалпына келтірілген, мүсінші Т.С. Досмағамбетов.
Ескерткіш кешен монументтен, бюсттен және мемориалдық қабырғадан тұрады. 1-нұсқасы 1950 жылы, 2-нұсқасы 1982 жылы, 3-нұсқасы 1994 жылы жасалып, мемориал қойылды. 1994 жылы Қарағанды қаласындағы суретшілер шеберханасында қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді[1].
Кешен аумағы төртбұрышты бетон тақтайлармен жабылған, төмен ажурлы шарбақпен қоршалған. Қайта жөндеуден кейін бұрынғы обелисктің орнына қызыл граниттен жасалған төртбұрышты блокқа ұлттық киімдегі Біржан салдың қола бюсті орнатылды, оның оң қолы жүрегінің үстінде тұр, ал сол қолында домбырасы бар. Бюст авторы – қазақстандық мүсінші Т.С. Досмағамбетов.
Біржан салдың мемориалды кешені – ұлттық жанрда өнер көрсететін көптеген әнші, суырыпсалма музыканттар мен ақындардың құрмет көрсетуге баратын орны.