Жетісу облысы Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейі

Жетісу облысы Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейі - Жетісу өңірінің тарихи-мәдени мұрасын сақтау, зерттеу және насихаттау мақсатында құрылған маңызды ғылыми-мәдени мекеме болып табылады. Музей 1974 жылғы 1 наурызда Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1973 жылғы 4 желтоқсандағы № 992-Р жарлығы мен Қазақ КСР Мәдениет министрлігінің 1974 жылғы 21 ақпандағы № 41 бұйрығына сәйкес «Талдықорған облыстық тарихи-өлкетану музейі» ретінде ресми түрде құрылды.

Жетісу облысы Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейі

Жетісу облысы Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейі - Жетісу өңірінің тарихи-мәдени мұрасын сақтау, зерттеу және насихаттау мақсатында құрылған маңызды ғылыми-мәдени мекеме болып табылады. Музей 1974 жылғы 1 наурызда Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1973 жылғы 4 желтоқсандағы № 992-Р жарлығы мен Қазақ КСР Мәдениет министрлігінің 1974 жылғы 21 ақпандағы № 41 бұйрығына сәйкес «Талдықорған облыстық тарихи-өлкетану музейі» ретінде ресми түрде құрылды. 1993 жылы музей ұжымының бастамасымен құрылған ономастикалық комиссияның ұсынысы негізінде, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің шешімімен мекемеге көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш Орда үкіметінің мүшесі әрі төраға орынбасары, тұңғыш қазақ теміржол инженері, тарихшы-ғалым, саяси қуғын-сүргін құрбаны Мұхамеджан Тынышбайұлының есімі берілді. орысша аудар