Көтібар мұнарасы

Көтібар мұнарасы – Қызылорда облысында орналасқан тарихи-архитектуралық ескерткіш. 1869 жылы Көтібар Итаяқұлының бұйрығымен салынған.[1] Тарихы Бұл мұнараны Көтібар би өзінің мұрап (гидротехник) болған әкесі Итаяқ Өзденбайұлына арнап салады. Бірақ Көтібар дүниеден өткен соң, мұнараның басына жерленген. Осыдан бұл "Көтібар мұнарасы" деп аталып кеткен. Бұл мұнараның басына Көтібардың 1925 жылы қайтыс болған ұлы Әли де жерленген. Географиялық орны Көтібар мұнарасы қазіргі Қызылорда облысының Сырдария ауданындағы Шіркейлі ауылы маңында орналасқан.

Көтібар мұнарасы

Көтібар мұнарасы – Қызылорда облысында орналасқан тарихи-архитектуралық ескерткіш. 1869 жылы Көтібар Итаяқұлының бұйрығымен салынған.[1]
Тарихы
Бұл мұнараны Көтібар би өзінің мұрап (гидротехник) болған әкесі Итаяқ Өзденбайұлына арнап салады. Бірақ Көтібар дүниеден өткен соң, мұнараның басына жерленген. Осыдан бұл "Көтібар мұнарасы" деп аталып кеткен.
Бұл мұнараның басына Көтібардың 1925 жылы қайтыс болған ұлы Әли де жерленген.
Географиялық орны
Көтібар мұнарасы қазіргі Қызылорда облысының Сырдария ауданындағы Шіркейлі ауылы маңында орналасқан.
Сипаты
Мұнара шикі кірпіштен қаланған, ішінде айналып шығатын баспалдағы бар. Ірге тасының диаметрі 4 метр, биіктігі 10 метр. Көтібар мұнарасы жоғары қарай өтетін есіктері бар 4 қабаттан тұрады. 1982 жылы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізілді. Ескерткішке қатысты материалдар Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде сақтаулы.[