Кіші Қосасар қалашығы

Кіші Қосасар қалашығы (б. д. д. VII ғ. - б. д. ІV ғ.) – Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археологиялық ескерткіш. Орналасқан жері Қызылорда облысы Қармақшы ауданы, Тұрмағанбет Ізтілеуов ауылынан солтүстік-батысқа қарай 30 км, Үлкен Қосасар қалашығынан оңтүстікке қарай 1,5 км жерде орналасқан. Зерттелуі мен сипаты Теңіз деңгейінен биіктігі 92 м. 1948 жылы Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы (С.П. Толстов) ашқан, 1973, 1976, 1978 жылдары Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы (Л.М. Левина) зерттеген. 2005 жылы ҚР ҰҒА АИ ШРАЭ (Ж. Құрманқұлов) қайта зерттеп, географиялық координаттарын анықтап және суретке түсірді. Қалашықтың жалпы аумағы шамамен 200х100 м. Оның көлемі 75х50 м болып келген бөлігі тікбұрышты үлкен қам кесектерден қаланған, биіктігі 10 м-ден асатын қабырғалармен қоршалған. Күмбезді ойпалмалы галереясы бар қамал қабырғалары екі қатардан тұратын ату ойығы мен алты мұнарамен нығайтылған.

Кіші Қосасар қалашығы

Кіші Қосасар қалашығы (б. д. д. VII ғ. - б. д. ІV ғ.) – Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археологиялық ескерткіш.
Орналасқан жері
Қызылорда облысы Қармақшы ауданы, Тұрмағанбет Ізтілеуов ауылынан солтүстік-батысқа қарай 30 км, Үлкен Қосасар қалашығынан оңтүстікке қарай 1,5 км жерде орналасқан.
Зерттелуі мен сипаты
Теңіз деңгейінен биіктігі 92 м. 1948 жылы Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы (С.П. Толстов) ашқан, 1973, 1976, 1978 жылдары Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы (Л.М. Левина) зерттеген. 2005 жылы ҚР ҰҒА АИ ШРАЭ (Ж. Құрманқұлов) қайта зерттеп, географиялық координаттарын анықтап және суретке түсірді.
Қалашықтың жалпы аумағы шамамен 200х100 м. Оның көлемі 75х50 м болып келген бөлігі тікбұрышты үлкен қам кесектерден қаланған, биіктігі 10 м-ден асатын қабырғалармен қоршалған. Күмбезді ойпалмалы галереясы бар қамал қабырғалары екі қатардан тұратын ату ойығы мен алты мұнарамен нығайтылған.
Мұнаралардың бесеуі тікбұрышты, оңтүстік қабырғадағы ортаңғы мұнара дөңгелек пішінді. Ішкі қамалға кіретін қақпа солтүстік бөлікте орналасқан. Солтүстіктен, шығыстан және оңтүстіктен ішкі қамалға қалашықтың екінші алаңын қоршап жатқан бекініс қабырғасының үйінді жал түріндегі (биіктігі 1,5 м, ені 2 м) қалдықтары жалғасқан.
Ескерткішті қайта зерттеу, оның хронологиялық кезін б. д. д. I мыңжылдықтың соңғы ғасырларымен және б. д. бірінші ғасырымен мерзімдеуге мүмкіндік берді.[