Сарайшық қаласының орны

Сарайшық қаласының орны Қазақ хандығы үшін аса маңызды қалалардың бірі болған Сарайшық қазіргі Атырау облысы, Махамбет ауданына қарасты Сарайшық ауылында орналасқан. Оның Ұлы Жібек жолында орын тебуі қаланың атын шығарып, оның маңыздылығын арттыра түскен. Бір ағылшындық саяхатшының дерегіне сүйенсек, ол шаһар арқылы 30 күнде жеті жүзден аса керуен өткен. ХІІ-ХV ғасырда бұл жерде қолөнер жақсы жолға қойылған, сол сияқты ақша шығаратын сарай да болыпты. Зерттеу жұмыстары кезінде мұннан құбырлар табылған, яғни Сарайшықтың гүлденген дәуірінде адамдар арнайы құбыр арқылы су алған. Ғалымдар қаланың жоспары Мәскеудегі Қызыл алаң мен Кремльден аумайтынын алға тартады. Бүгінгі Ресейдегі көпке танымал орындар сонау Ұлы Жібек жолында гүлденген қаладан айна-қатесіз көшірлгенін байқау қиын емес. Бұл жерде жеті хан жерленген, олар: Сартақ, Берке, Тоқтақия, Әз Жәнібек, Қасым және Ноғай хандары Исмайл мен Ораз. Сарайшық қаласы небір зұлмат дәуірлерді бастан өткерген. Оны 1395 жылы Ақсақ Темір күйретіп кеткен. Бірақ, соған қарамастан қала қайтадан жанданып, Жәнібек пен Бұрындық хан тұсында астана болып бекітілген. Сарайшық археолог ғалымдардың айтуынша, хорезмдік тұтқындардың жәрдемімен Х-ХІ ғасырда бой көтерген Сааксин қаласының орнына тұрғызылған. Ал атауының Сарайшық болуына қатысты бірнеше деректер кездеседі. Оның негізгі шығу тарихы Сарай-Жукпен («жук» монғол тілінен «жуық» мағынасында) байланыстырылады. Сол секілді аталған қала Дешті Қыпшақтың батыс өңірдегі астанасы болуы да ықтимал. Бұл туралы «Айқын» газетіне Төреғали Тәшенов мысал келтіріп кетеді. Автор сол сияқты мынандай қызықты аңызды мақаласына түрте кетіпті. Жәнібек ханның қызының есімі Сара болса керек. Оған келген бозбалалар «Сара шық» деп айқайлайды екен. Қала атауы осыдан да бастауы алуы мүмкін делінеді. Не десек те бұл аңыз. Дәлме-дәл келетін нақты дәйекті ғалымдарыдың өздері де айта алмай отыр.

Сарайшық қаласының орны

Сарайшық қаласының орны Қазақ хандығы үшін аса маңызды қалалардың бірі болған Сарайшық қазіргі Атырау облысы, Махамбет ауданына қарасты Сарайшық ауылында орналасқан. Оның Ұлы Жібек жолында орын тебуі қаланың атын шығарып, оның маңыздылығын арттыра түскен. Бір ағылшындық саяхатшының дерегіне сүйенсек, ол шаһар арқылы 30 күнде жеті жүзден аса керуен өткен. ХІІ-ХV ғасырда бұл жерде қолөнер жақсы жолға қойылған, сол сияқты ақша шығаратын сарай да болыпты. Зерттеу жұмыстары кезінде мұннан құбырлар табылған, яғни Сарайшықтың гүлденген дәуірінде адамдар арнайы құбыр арқылы су алған.
Ғалымдар қаланың жоспары Мәскеудегі Қызыл алаң мен Кремльден аумайтынын алға тартады. Бүгінгі Ресейдегі көпке танымал орындар сонау Ұлы Жібек жолында гүлденген қаладан айна-қатесіз көшірлгенін байқау қиын емес. Бұл жерде жеті хан жерленген, олар: Сартақ, Берке, Тоқтақия, Әз Жәнібек, Қасым және Ноғай хандары Исмайл мен Ораз.
Сарайшық қаласы небір зұлмат дәуірлерді бастан өткерген. Оны 1395 жылы Ақсақ Темір күйретіп кеткен. Бірақ, соған қарамастан қала қайтадан жанданып, Жәнібек пен Бұрындық хан тұсында астана болып бекітілген.
Сарайшық археолог ғалымдардың айтуынша, хорезмдік тұтқындардың жәрдемімен Х-ХІ ғасырда бой көтерген Сааксин қаласының орнына тұрғызылған. Ал атауының Сарайшық болуына қатысты бірнеше деректер кездеседі. Оның негізгі шығу тарихы Сарай-Жукпен («жук» монғол тілінен «жуық» мағынасында) байланыстырылады. Сол секілді аталған қала Дешті Қыпшақтың батыс өңірдегі астанасы болуы да ықтимал. Бұл туралы «Айқын» газетіне Төреғали Тәшенов мысал келтіріп кетеді. Автор сол сияқты мынандай қызықты аңызды мақаласына түрте кетіпті. Жәнібек ханның қызының есімі Сара болса керек. Оған келген бозбалалар «Сара шық» деп айқайлайды екен. Қала атауы осыдан да бастауы алуы мүмкін делінеді. Не десек те бұл аңыз. Дәлме-дәл келетін нақты дәйекті ғалымдарыдың өздері де айта алмай отыр.
Қазба жұмыстары бұл қала орнынан көптеген құнды жәдігерлер тауып алған. Оның бірі – екінші «Алтын адам» атауын алған сарматтың жауынгері. Тағы бірі әлемде екі ғана данасы бар кесе табылған. Онің бірі Египеттен, екіншісі осы маңнан қазылып алынған. Кесенің ерекшелігі у құйылса түсін өзгертуінде жатыр. Соған қарағанда оны тек хандар пайдаланған болуы мүмкін. Осындай тарихи маңызға ие болған қаланың орны бүгінде Қазақстанның киелі нысандарының қатарында тұр.