Махамбет Өтемісұлының кесенесі

Махамбет Өтемісұлының кесенесі ХІХ ғасырда ғұмыр кешкен қазақтың терең ойлы ақыны, ержүрек батыры Махамбет Өтемісұлының кесенесі Атырау облысы, Индер ауданы, Жерсуат елді-мекенінен оңтүстік-шығысқа қарай 50 км жерде орналасқан. Кесене оның мазарының үстіне тұрғызылған. Ол салынбай тұрып, тек құлпытасы бар сегіз қырлы тас табыт қана болған екен. Сәулетші Демесінов Көпбол ақ тастан ескі шығыс сәулет үлгімен керемет ескерткіш тұрғызады. Толық біткен уақыты 1995 жылдың 30-шы қыркүйегі. Сол уақыттан бері, бұл орын көпшілік келетін киелі жердің біріне айналды. Ақынның жер қойнына тапсырылған орнын бірінші болып ХХ ғасырдың орта тұсында жергілікті ақын Б. Аманшин зерттеген еді. Араға 30 жыл салып, ҚазКСР Мәдениет министрлігінің тапсырмасымен Орал экспедициясы арнайы зерттеуге шықты. Ескерткіштің төбесі күмбезбен, сол сияқты қондырма барельефпен безендірілген көп қырлы болып келеді. Құрылысқа негізінен бетон пайдаланылған, сыртқы шеңбердің диаметрі – 7,6 метр болса, ішіндегісі – 6,2 метр. Жалпы биіктігі 12 метрден асады. Кесенеге кірер тұста оюланған арка тұр. Жалпы мұнара кең даланың төсінде алыстан көзге ұрынып, өршіл ақынның бейнесіндей сағымдайды. Махамбет Өтемісұлы 1803 жылы дүниеге келген. Ол медреседе сауат ашып, білімін Орынборда жалғастырған. Махамбет 5 жыл бойы Бөкейдің ханы Жәңгір мұрагерінің тәрбиешісі болған. Баршылықта ғұмыр кешкен ол қоғамда болып жатқан әділетсіздікке бағына алмай, патша өкіметінің қазақты қанауына шыдас бермей, көтерлістерге белсене ат салысқан. Сондай сәтсіз көтерілісте жеңіліс тауып, екі жылдай уақыт темір торда отырған кездері де болған. Түрмеден қашып құтылған Махамбет досы Исатайдың 1836-37 жылдары ұйымдастырған көтерілісіне білек сыбана кірісті. Бірақ, Исатай Тайманұлы Ақбұлақ бойындағы ұрыста қапыда қаза тауып, Махамбет хас дұшпандарынан жасырынып жүруге тура келеді. Өкінішке қарай, ол 1846 жылдың қазанның 20 жұлдызында жауы жіберген жалдамалы адамдарының қолынан мезгілсіз қаза табады.

Махамбет Өтемісұлының кесенесі

Махамбет Өтемісұлының кесенесі ХІХ ғасырда ғұмыр кешкен қазақтың терең ойлы ақыны, ержүрек батыры Махамбет Өтемісұлының кесенесі Атырау облысы, Индер ауданы, Жерсуат елді-мекенінен оңтүстік-шығысқа қарай 50 км жерде орналасқан. Кесене оның мазарының үстіне тұрғызылған. Ол салынбай тұрып, тек құлпытасы бар сегіз қырлы тас табыт қана болған екен. Сәулетші Демесінов Көпбол ақ тастан ескі шығыс сәулет үлгімен керемет ескерткіш тұрғызады. Толық біткен уақыты 1995 жылдың 30-шы қыркүйегі. Сол уақыттан бері, бұл орын көпшілік келетін киелі жердің біріне айналды. Ақынның жер қойнына тапсырылған орнын бірінші болып ХХ ғасырдың орта тұсында жергілікті ақын Б. Аманшин зерттеген еді. Араға 30 жыл салып, ҚазКСР Мәдениет министрлігінің тапсырмасымен Орал экспедициясы арнайы зерттеуге шықты.
Ескерткіштің төбесі күмбезбен, сол сияқты қондырма барельефпен безендірілген көп қырлы болып келеді. Құрылысқа негізінен бетон пайдаланылған, сыртқы шеңбердің диаметрі – 7,6 метр болса, ішіндегісі – 6,2 метр. Жалпы биіктігі 12 метрден асады. Кесенеге кірер тұста оюланған арка тұр. Жалпы мұнара кең даланың төсінде алыстан көзге ұрынып, өршіл ақынның бейнесіндей сағымдайды.
Махамбет Өтемісұлы 1803 жылы дүниеге келген. Ол медреседе сауат ашып, білімін Орынборда жалғастырған. Махамбет 5 жыл бойы Бөкейдің ханы Жәңгір мұрагерінің тәрбиешісі болған. Баршылықта ғұмыр кешкен ол қоғамда болып жатқан әділетсіздікке бағына алмай, патша өкіметінің қазақты қанауына шыдас бермей, көтерлістерге белсене ат салысқан. Сондай сәтсіз көтерілісте жеңіліс тауып, екі жылдай уақыт темір торда отырған кездері де болған. Түрмеден қашып құтылған Махамбет досы Исатайдың 1836-37 жылдары ұйымдастырған көтерілісіне білек сыбана кірісті. Бірақ, Исатай Тайманұлы Ақбұлақ бойындағы ұрыста қапыда қаза тауып, Махамбет хас дұшпандарынан жасырынып жүруге тура келеді. Өкінішке қарай, ол 1846 жылдың қазанның 20 жұлдызында жауы жіберген жалдамалы адамдарының қолынан мезгілсіз қаза табады.
Ақын өз шығармашылығына көтерілісті басты тақырып етіп алған. Оның өлеңдері ұран іспеттес, қазақты қайрап, бұғып жата бермей, әділеттілік үшін күресуге, азаттық үшін жауға қарсы тұруға үндейді. Сол сияқты бір ұлттың бүкіл арман-тілегі, мақсат-мұраты оның шығармасына сыйып кеткен. Жалынды қазақ ақыны тек батырлығымен емес, ақын ретінде де қазақ әдебиетіне өзіндік үлесін қоса алды. Оның шығармалары мектеп оқулығына еніп, жас бүлдіршіндердің бойына патриоттық сезім ұялатып жүр. Ал мазар басына тұрғызылған кесене бүгінде Қазақстанның киелі нысандарының қатарынан көрініп, мемлекеттік қорғауға алынған.