Ақмешіт қорымы

Ақмешіт қорымы Атырау облысына қарасты, Жылыой ауданы, Ақкиізтоғай деп аталатын ауылдың солтүстік-шығысына қарай 30 шақырым жерде орын тепкен. Осы маңда болған Дюгамель қорым жайында былай дейді: «Ақ бор төбенің үстіндегі қасқыр үңгіріне ұқсайтын тесікке бір кісі әрең сыяды, ал ары қарай үңгірдің ені 2,5 метрге жетеді, биіктігі адам бойымен шамалас киіз үй тәрізді сағана іспетті тамға қарай кіреді». Атақты діндар, ағартушы, абыз Бекет Мырзағұлұлы осында ғұмыр кешкен. Қазақ халқы құрметтеп, әулие санаған Бекет ата 1771 жылдары Ақмешітте жер асты мешітін тұрғызып, шәкірт дайындаған. Мұнда оның ата-анасы Мырзағұл мен Жания және бір бауыры жер қойнына тапсырылған. Жер астындағы қасиетті үй екі бөлмеден тұрады және үш қабатталған доға арқылы бірігіп, мықты етіп салынған. Ол борлы құрылыстан тұрады, бір бөлмеге даладан жарық кіреді. Жарларға қуыстарды ойып жасаса, оңтүстік-шығысында михраб орын тепкен. Ол – Меккеге бағыттайтын доға, сол сияқты бағанамен көркемделген текше, яғни имамның намаз оқуға лайықталған орны. Осы жер арқылы ол басқа намаз оқып тұрғандардың алдыңғы жағында тұрады. Бізге жеткен деректерге сүйенсек, Пір Бекеттің Қазақстанның батыс өңірінде төрт мешіті бар.

Ақмешіт қорымы

Ақмешіт қорымы Атырау облысына қарасты, Жылыой ауданы, Ақкиізтоғай деп аталатын ауылдың солтүстік-шығысына қарай 30 шақырым жерде орын тепкен. Осы маңда болған Дюгамель қорым жайында былай дейді: «Ақ бор төбенің үстіндегі қасқыр үңгіріне ұқсайтын тесікке бір кісі әрең сыяды, ал ары қарай үңгірдің ені 2,5 метрге жетеді, биіктігі адам бойымен шамалас киіз үй тәрізді сағана іспетті тамға қарай кіреді».
Атақты діндар, ағартушы, абыз Бекет Мырзағұлұлы осында ғұмыр кешкен. Қазақ халқы құрметтеп, әулие санаған Бекет ата 1771 жылдары Ақмешітте жер асты мешітін тұрғызып, шәкірт дайындаған. Мұнда оның ата-анасы Мырзағұл мен Жания және бір бауыры жер қойнына тапсырылған. Жер астындағы қасиетті үй екі бөлмеден тұрады және үш қабатталған доға арқылы бірігіп, мықты етіп салынған. Ол борлы құрылыстан тұрады, бір бөлмеге даладан жарық кіреді. Жарларға қуыстарды ойып жасаса, оңтүстік-шығысында михраб орын тепкен. Ол – Меккеге бағыттайтын доға, сол сияқты бағанамен көркемделген текше, яғни имамның намаз оқуға лайықталған орны. Осы жер арқылы ол басқа намаз оқып тұрғандардың алдыңғы жағында тұрады.
Бізге жеткен деректерге сүйенсек, Пір Бекеттің Қазақстанның батыс өңірінде төрт мешіті бар. Оның бірі осы Ақмешіт болса, келесісі Бейнеуден жиырма шақырым әрірек орын тепкен. Үшінші мешіт Үстірттегі Байшатыр аталатын жерде болса, соңғысы Оғланды шатқалындағы жартаста салынған. Бұл «Алланың үйін» ХІХ ғасырда дін таратушы ғалым әрі сәулетші Бекет атаның шәкірті болып келетін Құлшан салған. Сол үшін кей жерлерде Ақмешіт-Құлшан деген атау қосарланып жүреді. Ілгеріде айтылған қасиетті төрт орынға да келушілердің аяғы үзілген емес. Ақмешітте арнайы түнейтін орындар мен ас үй бар. Шырақшы болып Бекет атаның 7-ші ұрпағы Ислам Мырзабекұлы отыр. Қазірде бұл орын республикалық киелі жерлердің тізімінде.